Меню KDT

poster

Жарқын мереке - Наурыз қарсаңында «Қайырымдылық күні» аясында ауданның, ауылдық округтерінің әкімдері білім беру ұйымдарына «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының сертификатын табыстады. Осы жоба аясында биылғы жылы 10-14 жас аралығындағы (5-8 сыныптар) облысымыздың Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандарының ауыл мектептерінің 838 оқуда үздік көрсеткіштерге ие, мектеп өміріне белсенді қатысып, түрлі олимпиадалар мен конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары, сонымен қатар білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің хаттамасымен бекітілген балалар демалады.
Ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдерге бағытталған «Жаздық жолдама- 2024» жобасы өскелең ұрпақты ынталандыруға және отансүйгіштікті нығайтуға ғана емес, сонымен қатар, коммуникация, көпмәдениетті ортадағы қарым-қатынас сияқты өмірлік қажетті дағдыларды нығайтуға, сондай-ақ кәсіптік бағдарлаудың элементіне айналатынына сенеміз.
Балаларға осы оқу жылын сәтті аяқтап, келесі оқу жылында жаңа мақсаттарға жету үшін көптеген жағымды эмоциялар мен жақсы демалыс тілейміз!